Кері байланыс формасы

Форманың барлық өрістерін толтырыңыз:

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Мекеме атауы

Телефон

+7

E-mail

Заңды мекенжай

Нақты мекенжай

СТН

  • Астана
  • Алматы (258-77-11)
  • Өскемен
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Шымкент
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Атырау
  • Орал
  • Қостанай
  • Петропавл
  • Павлодар
  • Қарағанды

Жазылу




Жаңалықтар

2016

8 маусым 2016

Банктік қарыз шарты талаптарының өзгеруі туралы хабарлама (жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған)

 

«Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк):

-  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 24.11.2015 ж. Заңының (бұдан әрі – Заң) қабылдануын;

- Заңның бірқатар нормаларының олар қолданысқа енгізілген күннен бастап бұдан бұрын жасасқан шарттарға туындаған құқықтық қатынастарына, сондай-ақ бұдан бұрын жасасқан шарттарға туындаған құқықтық қатынастарына таралуын;

- ҚР Азаматтық Кодексінің 383-бабы 2-тармағына сәйкес, егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайтынын ескере отырып,

Банкпен жасасқан Банктік қарыз шарт(-тар)ы (бұдан әрі – Шарт) талаптарының өзгергені және толықтырылғаны туралы хабарлайды, соның ішінде:

1. қарыз бойынша берешекті өтеу кезектілігінің өзгеруі, яғни Шарт бойынша жүргізілген төлемдер сомасы қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алушының берешегі келесі кезектілікте өтеледі:

1)      негізгі қарыз бойынша берешек;

2)      сыйақы бойынша берешек;

3)      осы хабарламаның 2-тармағына сәйкес анықталған мөлшерде тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімақы);

4)      төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі қарыз сомасы;

5)      төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;

6)      Банктің орындауды алу бойынша шығындары.

Жүз сексен ретті күнтізбелік күнге мерзімі кешіктірілген кезде қарыз алушының Шарт бойынша төлеген төлемінің сомасы егер ол қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алушының берешегі келесі кезектілікте өтеледі:

1)        негізгі қарыз бойынша берешек;

2)        сыйақы бойынша берешек;

3)        төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін негізгі қарыз сомасы;

4)        төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есептелген сыйақы;

5)        осы хабарламаның 2-тармағына сәйкес анықталған мөлшерде тұрақсыздық төлемі (айыппұл, өсімақы);

6)        Банктің орындауды алу бойынша шығындары.

2. Шарт бойынша қарызды қайтару және (немесе) сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық төлемдері (айыппұл, өсімақы) мөлшерінің шекті сомасы бөлігіндегі талаптың өзгеруі, сондай-ақ мерзімін кешіктіру кезінде сыйақы, тұрақсыздық төлемдерін (айыппұл, өсімақы) төлеу бойынша талап ету бөлігіндегі өзгертулерге сәйкес:

  • Шарт бойынша қарызды қайтаруға және (немесе) сыйақы төлеуге қатысты міндеттемелерді бұзғаны үшін тоқсан күн мерзімін кешіктіру кезінде кешіктірілген әр күн үшін  мерзімі кешіктірілген сомадан тұрақсыздық төлемінің (айыппұл, өсімақы) мөлшері 0, 5 пайыздан асырылмайды, ал мерзімін кешіктіру тоқсан күннен асқаннан кейін кешіктірілген әр күн үшін мерзімі  кешіктірілген сомадан 0, 03 пайыздан асырылмайды, бірақ Шарттың қолданыстағы әр жылы үшін берілген қарыз сомасынан он пайыздан артық емес;
  • Ипотекалық тұрғын үй қарызын беру[1] мақсатында жасасқан Шарт бойынша қарыз алушы берешегінің артуын болдырмау мақсатында Банк сыйақы, сондай-ақ Шарт бойынша негізгі қарыз және (немесе) сыйақы сомалары бойынша кез келген төлемдерді өтеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін жүз сексен ретті күнтізбелік күнге кешіктірген кезде есептелген тұрақсыздық төлемдерін (айыппұл, өсімақы)  төлеуді талап етуге құқығы жоқ;

3. толықтыру:

  • қарыз алушының тұрақсыздық төлемдерін немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін төлеместен, бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін ішінара немесе толық көлемде мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін қарастыратын құқығы;
  • қарыз алушының шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсаруына қарай өзгеруі туралы хабарламаны алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде шарт талаптарын жақсартатын Банктің ұсынысынан бас тарту құқығы. Бұндай кезде, егер Банктің Шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсаруына қарай біржақты тәртіпте өзгерту туралы хабарламасын алған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде қарыз алушы Банк ұсынған жақсарту талаптарынан бас тартпаған жағдайда осындай өзгертулер қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап 14 (он төрт) күн өткеннен кейінгі келесі күні күшіне енеді.

4. Шарт талаптарын біржақты өзгертуге Банктің құқығын реттейтін талаптардың бір бөлігінің өзгеруі, атап айтқанда қарыз алушы үшін жақсаруына қарай келесі жағдайларды қоспағанда Банк Шарт талаптарының біржақты тәртіпте өзгертуге құқығы жоқ:

  • банктік қарыз бойынша қызмет көрсетуге байланысты көрсетілетін қызметтер үшін комиссияларды және өзге төлемдерді азайту немесе толық алып тастау жағына қарай өзгеруі;
  • тұрақсыздық төлемдерін (айыппұл, өсімақы) азайту немесе толық алып тастау жағына қарай өзгеруі;
  • Шарт бойынша төлемдер мерзімін кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу;
  • Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгеруі.

Бұндай кезде Банк Шарт бойынша тіркелген сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай уақытша өзгертуді қарастырады [2].

 

Осы хабарламаның 01.01.2016 ж. бастап күшіне енетін 2-тармағының үшінші абзацында көрсетілген өзгертулерді қоспағанда, жоғарыда көрсетілген өзгертулер мен толықтырулар 01.07.2016 ж. бастап күшіне енеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін дербес менеджерге немесе Шарт ресімделген филиалдың кредит беру бөлімшесіне хабарласу қажет.

 

Құрметпен,

«Цеснабанк» АҚ

 



[1] Тұрғын үйді салу немесе оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз

[2] Сыйақы мөлшерлемесін уақытша өзгерту деп Банктің белгілі бір мерзімге сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендетуі түсініледі, бұндай кезде аталған мерзім өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесі уақытша өзгертуге дейін әрекет еткен сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінен аспайтын мөлшерде белгіленеді.

 

Жаңалықтарға оралу