Кері байланыс формасы

Форманың барлық өрістерін толтырыңыз:

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Мекеме атауы

Телефон

+7

E-mail

Заңды мекенжай

Нақты мекенжай

СТН

  • Астана
  • Алматы (258-77-11)
  • Өскемен
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Шымкент
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Атырау
  • Орал
  • Қостанай
  • Петропавл
  • Павлодар
  • Қарағанды

Жазылу




Жаңалықтар

2017

5 қаңтар 2017

Өзгенің қайғысы болмайды

2017 жылдың 17 қаңтарында «Цеснабанк» АҚ өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлаған болатын. Бірақ Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарында болған жантебірентерлік оқиға біздің жоспарымызды өзгертті. Шаханда тұрғын үйдің құлауының нәтижесінде 9 адам қаза тапты және көптеген адам баспанасыз қалды.

Осыған орай Цеснабанк Банктің мерейтойын тойлауға байланысты іс-шараны өткізбеуге және 25 млн теңгені зардап шеккендерге көмек ретінде бөлуді ұйғарды.  

 «Елімізде қайғылы оқиға орын алғанда, ал отандастарымыздың басына ауыр жағдай тап болған кезде және көмекке  зәру сәтте біз қуана алмаймыз. Бұл шешімді Цеснабанктің  барша ұжымы қолдады. Шахан тұрғындары душар болған ауыр жағдайда әр адамның қолдау көрсетуінің зор маңызы бар. Біз де бұл жағдайда шетте қала алмадық. Өзгенің қайғысына қайғыру, қиын жағдайда қолдау көрсету, әлеуметтік жауапкершілік – Қазақстан азаматтарының баршасына тән басты басымдық. Қаза болғандардың туысқандары мен жақындарының қайғы-қасіреттеріне ортақтастығымды білдіремін және зардап шеккендердің тезірек айығуына тілектеспін», - деді «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Дәурен Жақсыбек.   

Қаражат «Шахтинск қаласындағы Шахан кентінің зардап шеккен тұлғаларға көмек қоры» жеке қайырымдылық қорының шотына аударылады. 

Жаңалықтарға оралу