Кері байланыс формасы

Форманың барлық өрістерін толтырыңыз:

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Мекеме атауы

Телефон

+7

E-mail

Заңды мекенжай

Нақты мекенжай

СТН

  • Астана
  • Алматы (258-77-11)
  • Өскемен
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Шымкент
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Атырау
  • Орал
  • Қостанай
  • Петропавл
  • Павлодар
  • Қарағанды

Жазылу




Жаңалықтар

2016

28 қаңтар 2016

«Цеснабанк» АҚ және Геннадий Головкин – Біз біргеміз!

          2016 жылдың 28 қаңтарында  Астанада еліміздің ірі қаржы институтының бірімен және аты аңызға айналған қазақстандық кәсіби боксшы арасындағы ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастықтың жаңа белесіне арналған «Цеснабанк» АҚ пенГеннадий Головкиннің (GGG) бірлескен баспасөз конференциясы өтті.

          Баспасөз конференциясында «Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы және Геннадий Головкин өткен жылдың қорытындысы жайында сөз қозғады және де болашақта атқарылар бірлескен жоспарларымен бөлісті.

          Директорлар Кеңесінің Төрағасы Д. Жақсыбектің айтуынша, 2015 жылы банк өзінің Даму стратегиясына сәйкес барлық басымдықты міндеттерін сенімді түрде жүзеге асырды. Сыртқы экономикалық факторлардың ықпалына қарамастан, Цеснабанк жоғары берік қорға ие және жоғары деңгейдегі сервис пен банктік қызмет көрсетудің кең спектрін ұсына отырып сенімді кезеңдік дамуды жалғастыруда.

          2015 жылдың қорытындысы бойынша Цеснабанк ҚР ЕДБ ТОП-10 арасында үздіктер позициясында активтер мен несие қоржынының мөлшері бойынша, кіріс мөлшері бойынша 3-ші орынды иеленді. Цеснабанктің кредиттік қоржынының сапасы Қазақстандағы үздіктердің бірі болып табылады.

            Цеснабанк жаңа өнімдерді және төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсетуді енгізе отырып, төлем карточкаларының қызмет көрсетуін одан әрі дамыту үшін технико-технологиялық негіздер құрылымының маңызды процесін аяқтады.

           2015 жылы тәуекелдікті басқару мен ішкі бақылау жүйесін тиімді құрылымдау бойынша танымал Ernst &Young халықаралық компаниясын тарту жобасын аяқтадық, бұл біздің Банкке бизнесті жүргізуде халықаралық стандартқа сай болуға мүмкіндік береді.

            2015 жылы Цеснабанк барлық санаттағы клиенттерге қызмет көрсететін әмбебап қаржы институты болып табылатын ресейдің еншілес банкі "Плюс Банк" ААҚ –ты (Мәскеу қ.) сатып алды. "Плюс Банк" ААҚ-ты сатып алу «Цеснабанк» АҚ-қа 6-шы әлем экономикасы болып саналатын ресей нарығына қатысу мүмкіндігін береді. Ресей банктерінің сан жағынан қысқаруы белсенді түрде банктік бизнесті жүргізудің жаңа белестерін ашады.

             Цеснабанк өз қызметі барысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысады. 2015 жылы банк Азия даму банкі қаражатының есебінен қаржыландырылатын шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі инвестициялық бағдарламасына қатысты. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» осы инвестициялық бағдарламаға қатысатын төрт қатысушының бірі ретінде Цеснабанкті анықтады.

           «Цеснабанк» АҚ Ресей экспорт-импорттық банкімен ("Росэксимбанк" АҚ) қаржыландыру туралы Бас келісімге қол қойылды. Қол қойылған Келісім шеңберінде Цеснабанк клиенттері өз деңгейі мен ерекшелігіне қарай ресей өнімдер импортын қолдаудың бұрын бұл бағдарламаға жатпайтын  өнім мен қызмет көрсету импорты бойынша мәмілені ұзақ  мерзімді қаржыландыруға қол жеткізді.

            Біз Беларусбанк үшін бірлестірілген кредиттің  жетекші менеджері ретінде болдық.

            2015 жыл Геннадий  Головкин үшін де сәтті жыл болды,   2 жарқын жекпе-жек өткізді, өзінің барша чемпиондық белдігін қорғады, WBA, IBO, WBC нұсқасы бойынша және IBF нұсқасы бойынша қосымша белдігін қорғап қалды.

           2015 жыл банк үшін де, әлем чемпионы үшін де жетістікке толы жыл болды. Қаржы көрсеткіштері мен спорттық жеңістер бұл банк пен чемпион арасындағы ортақ сипатты көрсетеді – бұл тұрақтылық, сенімділік пен өз мақсатына жетер жолдағы табандылық.

           2016 ж.   «Цеснабанк» АҚ пен Геннадий Головкиннің жемісті ынтымақтастығы жаңа белестерге көтереді.  Головкин баспасөз конференциясында банк елшісі ретінде өзінің негізгі  демеушілерінің бірінің әлеуметтік және коммерциялық жобаларына қатысатынын ресми түре  мәлімдеді. Оның алғашқысы өндіріске де жіберілді. 

           «Цеснабанк» АҚ пен  MasterCard халықаралық төлем жүйесі келесі төлем карточкаларын шығарды:   Platinum MasterCard® сыйлықақылы, Debit MasterCard®, сондай –ақ Геннадий Головкиннің бейнесімен және қолтаңбасымен  алдын ала төленген карта. Енді қазақстандық боксшының кез келген жанкүйері өзінің сүйікті спортшысымен байланысты және ыңғайлы төлем инструменті болып табылатын карточканы алу мүмкіндігіне ие болады.  

          Алда айтулы жоспарлар, спортты, мәдениетті қолдау мақсатындағы бірлескен жобалар, клиенттер үшін түрлі бағдарламалар көп. Бұның бәрі Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған.

         Әлемдегі қазақстандық боксты насихаттау ісіне қосқан үлесі мен жеткен жетістіктерін бағалау және жанкүйерлерге сый ретінде «Цеснабанк» АҚ еліміздің елордасы - Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 8 мекенжайындағы Корпоративтік орталықты Геннадий Головкин құрметіне аталатын болды. GGG жерлестеріне деген құрметін білдіре отырып, былғары қолғап иесінің отаны - Қарағанды қаласы, Ерубаев көш., 24 мекенжайындағы бөлімшеге де аты аңызға айналған боксшының аты берілетін болады.           

         Қорытындылай келе Д. Жақсыбек Цеснабанк пен Геннадий Головкин бұрыннан серіктес екенін ерекше атап өтті. Шартқа қол қою - өзара тиімді және нәтижелі серіктестіктің белгісі болып табылады. Қол жеткізген келісімдер Цеснабанкке әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды қолдау бағытындағы қызметтің таралымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл соңғы жылдардағы бірігіп атқарған жұмыстарға деген екі жақтың да көңіл толуы және өзара сенімнің арқасында мүмкін болды. Д. Жақсыбек пікірінше Цеснабанк пен Геннадий Головкиннің серіктестік қарым-қатынасы Банктің жарнама кампаниясының басты сөздерінде анық көрсетілген: Бірге. Бүгін. Әрқашан

Жаңалықтарға оралу