Кері байланыс формасы

Форманың барлық өрістерін толтырыңыз:

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Мекеме атауы

Телефон

+7

E-mail

Заңды мекенжай

Нақты мекенжай

СТН

  • Астана
  • Алматы (258-77-11)
  • Өскемен
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Шымкент
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Атырау
  • Орал
  • Қостанай
  • Петропавл
  • Павлодар
  • Қарағанды

Жазылу




Жаңалықтар

2014

14 шілде 2014

Euromoney журналы қатарынан екі жыл бойы Цеснабанкті Қазақстанның ең үздік банкі таныды

Euromoney Awards for Excellence 1992 жылдан бастап халықаралық қаржы қызметтері индустриясындағы ең беделді марапат. Euromoney сандық бағалаулар мен дәлелді сарапшылар пікірін ескеріп, жеңімпаздарды таңдайды.

«Euromoney беделді журналының пікірін біз жоғары бағалаймыз. Аталмыш марапаттың қатарынан екі жыл берілуі ішкі және халықаралық нарықтағы тұрақты қаржы институты ретіндегі Цеснабанктің беделін растайды. Күннен күнге өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында клиенттермен өзара нәтижелі әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынасты құру және қызметтер сапасын үнемі арттыру біз үшін басымдық болып қала бермек», – деп атап өтті «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Жақсыбек.

Соңғы төрт жыл ішінде Цеснабанк активтер бойынша нарық үлесін төрт еседен артық ұлғайтып, қазіргі уақытта 2014 ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі ірі банктер ондығындағы мерзімі кешіктірілген берешек үлесі ең төмен бесінші орындағы банк болып табылады. Банк кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлесін қосуда. Депозиттік база өсу қарқыны бойынша Цеснабанк 2014 ж. І тоқсанында 1-орынды иеленіп, елдің ең ірі банктері ондығындағы жетекші жайғасымнан орын алды. 2014 ж. маусым айында Standard & Poor's рейтингілік агенттігі банктің жүйедегі маңыздылығының артуына байланысты Цеснабанктің рейтингісін «В» деңгейінен «В+» деңгейіне дейін көтерді (болжам «Тұрақты»), сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингіні «kzBBB-» деңгейінен «kzBBВ» деңгейіне дейін өсірді.

Цеснабанк соңғы жылдары бір қатар халықаралық марапаттарға ие болды: Euromoney журналының нұсқасы бойынша 2013 жылғы Қазақсандағы Ең үздік банк, The Banker журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы Жыл банкі 2013, World Finance журналының нұсқасы бойынша 2012 жылғы Ең үздік коммерциялық банк, сондай-ақ 2011 жылғы World Finance 100  тізіміне енуі және басқа да марапаттар.

Жаңалықтарға оралу