Кері байланыс формасы

Форманың барлық өрістерін толтырыңыз:

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Мекеме атауы

Телефон

+7

E-mail

Заңды мекенжай

Нақты мекенжай

СТН

  • Астана
  • Алматы (258-77-11)
  • Өскемен
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Шымкент
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Атырау
  • Орал
  • Қостанай
  • Петропавл
  • Павлодар
  • Қарағанды

Жазылу




Жаңалықтар

2014

28 қаңтар 2014

Цеснабанк Орталық және Шығыс Еуропа 2014 форумына бірлескен демеуші болды

2014 жылғы  14 - 15 қаңтар аралығында Вена қаласында (Австрия) британдық беделді басылым Euromoney* ұйымдастыруымен Орталық және Шығыс Еуропа 2014 форумы (TheCentralandEasternEuropeanForum 2014) өткізілді.

 Citibank, Raiffeisen Bank International, Сбербанк, Unicredit және т.б. банктермен қатар Цеснабанк осы іс-шараның бірлескен демеушісі болды.

Euromoney конференциясы – қаржы саласының белді мамандары, үкіметтік ұйымдардың өкілдері, сақтандыру саласының мамандары және іскери элитаның кездесулеріне арналған жетекші алаңдардың бірі.   Конференцияның басты бағыты – өзекті мәселелер, қазіргі кездегі тенденциялар, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің инвестициялық мүмкіндіктері және даму перспективалары.

Цеснабанк Басқарма Төрағасы Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы «Ресей және ТМД» пікір алмасу алаңының спикері ретінде Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңдегі инвестициялық тартымдылығы мәселелеріне шолу жасады.

Конференция барысында Цеснабанк өкілдері қазіргі кездегі және потенциалды серіктес-банктермен көптеген кездесулер өткізді. Бұған қоса конференция делегаттары конференцияны өткізу залында орналасқан  арнайы промо-стенд және ТВ-монитордан ақпарат алып, Банк қызметімен толық танысу мүмкіндігіне ие болды.

Жыл сайын Орталық және Шығыс Еуропа  және басқа елдерден мыңнан астам қатысушы келетін бұндай кең көлемді іс-шараға қатысу Банктің халықаралық іскери серіктестері қатарын кеңейтуге, оң әсерлі имидж және біздің брендтің шетелде танымалдылығын арттыруға бағытталған.

2013 жылы Euromoney журналы Цеснабанкті «Қазақстандағы ең үздік банк» деп атады, сондай-ақ The Banker журналы «Қазақстандағы жыл Банкі» ретінде таныды.

 

 

*Euromoney – 1969 жылы негізі қаланған, әлемнің әр түкпірінде өзінің оқырмандар қауымы бар беделді британдық журнал. Штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан, сондай-ақ Нью-Йорк, Токио және Гонконгте өкілдіктері бар.
Жаңалықтарға оралу