Кері байланыс формасы

Форманың барлық өрістерін толтырыңыз:

Тегі

Аты

Әкесінің аты

Мекеме атауы

Телефон

+7

E-mail

Заңды мекенжай

Нақты мекенжай

СТН

  • Астана
  • Алматы (258-77-11)
  • Өскемен
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Шымкент
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Атырау
  • Орал
  • Қостанай
  • Петропавл
  • Павлодар
  • Қарағанды

Жазылу




Даму тарихы

2015 жыл

  • 2015 ж. 6 қарашада Банк MasterCard® халықаралық төлем карточкаларын шығаруды бастады (жаңа өнімдер: Debit MasterCard® және Platinum MasterCard®)
  • 2015 жылғы 27 қазаннан бастап Fitch Ratings рейтингілік агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингіні "B+" деңгейінде, ұлттық ұзақ мерзімді рейтингіні BBB-(kaz) деңгейінде растады.
  • 2015 ж. қазанда Цеснабанк қазақстандық импорттаушы-компаниялар және ресей экспорттаушыларының қатысуымен жасалатын мәмілелерді іске асыру үшін Ресей Экспорт-Импорт банкімен («Росэксимбанк» АҚ) Қаржыландыру туралы Бас Келісімге қол қойды.
  • 2015 ж. 18 маусымда Standard & Poor's (S&P) рейтингілік агенттігі Цеснабанктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «В+» деңгейінде және қысқа мерзімді кредиттік рейтингіні тұрақты болжаммен «В» деңгейінде растады. Ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzBBB» деңгейінде расталды
  • 2015 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Цеснабанк активтер мөлшері бойынша ҚР ЕДБ бірінші ондығының рейтингісінде үшінші орынға ие болды
  • 2015 жылдың наурыз айында Банк сайтында өнімдер және қызметтер бойынша алғашқы кеңес беруге online-өтінім беру қызметі іске қосылды
  • 2015 жылы ақпанда Цеснабанк Ernst&Young компаниясының «Жыл кәсіпкері» байқауының шеңберінде «Халықаралық ынтымақтастық» марапатына ие болды

 

2014 жыл

  • 2014 ж. 11 шілде күні  Euromoney журналы «Цеснабанк» АҚ-ты Euromoney Awards for Excellence байқауының шеңберінде 2014 Қазақстанның  Ең үздік банкі  деп таныды.
  •  2014 ж. маусым айында Standard & Poor's рейтінгілік агенттігі Банктің жүйедегі маңыздылығының артуына байланысты «Цеснабанк» АҚ-тың рейтингісін «В» деңгейінен «В+» деңгейіне дейін көтерді (болжам «Тұрақты»), сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингісін «kzBBB-» деңгейінен «kzBBВ» деңгейіне дейін көтерді.
  •  2014 ж. бірінші тоқсанының нәтижесі бойынша Цеснабанк активтерінің мөлшері бойынша ҚР ЕДБ бірінші ондығында 5-орынға ие болды.
  • "Цеснабанк" АҚ жарғылық капиталын 10 миллиард теңгеге ұлғайтты.
  • 2014 ж. ақпан айының нәтижесі бойынша Цеснабанк активтерінің мөлшері 1 триллион теңгеден асты.
  • Банк «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың атынан 2013 жылғы ынтымақтастық нәтижесі бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы І-бағытының шеңберінде кредиттерге кепілдік беру бағдарламасын іске асыруда  жақсы нәтижеге жеткені үшін марапатқа ие болды.

2013 жыл

  • Standard & Poor’s рейтингілік агенттігі ұзақ мерзімді рейтингіні «В» деңгейінде растады, Цеснабанктің жүйедегі маңыздылығының артуына байланысты болжамды «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» өзгертіп, ұлттық шкала бойынша рейтингіні «kzBB+» деңгейінен «kzBBB-» деңгейіне дейін көтерді.
  • Цеснабанк «Эрнст энд Янг» компаниясының «2012 жыл кәсіпкері» байқауында «Табысты дамыған бизнес» аталымындағы марапатқа ие болды.
  • Цеснабанк «Инвестициялық Періште» Халықаралық Инвестициялық Ұйымының «Барынша серпінді дамып келе жатқан қазақстандық және шетелдік банктер» аталымындағы марапатына ие болды.
  • Euromoney журналы Цеснабанкті 2013 ж. Қазақстанның Ең үздік банкі деп таныды.
  •  The Banker журналы Цеснабанкті 2013 ж. Қазақстандағы Жыл банкі деп таныды. 
  • Талдықорған қаласында Банк филиалы ашылды
  • Цеснабанк және Еуразиялық даму банкі 5 жыл мерзімге 4 млн. АҚШ доллары көлемінде саудалық қаржыландыру мақсатындағы  жаңартылатын кредиттік желі туралы келісімге қол қойды

2012 жыл

  • Цеснабанк World Finance британдық журналының жыл сайынғы жобасы әлемнің 100 жетекші компаниялары және лидерлері тізіміне енді
  • Цеснабанк «Цесна» Корпорациясы» АҚ Алтын белгісін алды
  • Wоrld Finance Цеснабанкті 2012 ж. Қазақстанның Үздік коммерциялық банкі деп таныды.
  • Standard & Poor’s (S&P) рейтингілік агенттігі Цеснабанк рейтингілері бойынша болжамды «Негативтіден» «Тұрақты» деңгейіне өзгертті, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін «В» деңгейінде растады, қысқа мерзімді кредиттік рейтингіні «В» деңгейіне дейін және қазақстандық ұлттық шкала  бойынша рейтингіні «kzBB+» деңгейіне дейін  көтерді.
  • Банк жарғылық капиталды 4, 9 млрд. теңгеге ұлғайтты.

2011 жыл

  • Банк активтердің мөлшері бойынша ҚР ЕДБ бірінші ондығына енді
  • Банк қала нөмірлерінен қоңырау соғудың бірыңғай 58 77 11 нөмірін, сондай-ақ мобильді телефондардан 7711 (қоңырау соғу тегін) нөмірін қолданысқа енгізді
  • Банк VISA ХТЖ Принципиалды қатысушысы мәртебесін алды
  • Банкке «Цесна Капитал» АҚ еншілес ұйымын сатып алуға рұқсат берілді
  • Банкке «Цесна Гарант» СК сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім берілді 
  • 2010 ж. қорытындысы бойынша «ЛИДЕР» ақша аударымы жүйесінің ең үздік серіктесі атанды.
  • Standard & Poor's рейтинг агенттігі Цеснабанктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «B-»-тан «B»-ға дейін, ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzBB-»-тан «kzBB+»-ке дейін көтерді, сондай-ақ қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «С» деңгейінде растады. Рейтингілер бойынша болжам — «Тұрақты».

2010 жыл

  • Банк сомасы 125 млн. АҚШ доллары болатын 3 жылдық еврооблигация шығарылымын жоспарлы өтеуді жүзеге асырды.
  • Банкке корреспонденттік қатынастар мен жоғары төлемдік сапа саласындағы жетістіктері үшін жетекші әлемдік қаржы институттарының, Citigroup және Commerzbank AG-тың наградалары берілді.
  • Банк қазіргі заманғы байланыс-орталықты енгізу жөніндегі жобаны аяқтады.
  • Банк SAP ERP-ді енгізуді аяқтады.
  • Банк Цесна Гарант сақтандыру компаниясының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат алды.
  • Банктің Екібастұз қаласында филиалы ашылды.
  • Банк жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге көбейтті.

2009 жыл

  • Банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы іске асырылған Шағын және орта бизнес жобаларды қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншының қаражатын ойдағыдай игерді.
  • Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы бөлінген екі транштың қаражатын ойдағыдай игерді.
  • Банк борыштық міндеттеменің бір бөлігін, нақтылай айтқанда, үшінші шығарылым көлемі 5 млрд. теңге, айналым мерзімі 3 жыл және тіркелген купондық мөлшерлемесі 8% облигацияны өтеді, оның борыштық бағалы қағаздардың ішкі нарығында орналастырылған көлемі 27%-ды құрады.
  • Банк, Қазақстан Республикасындағы канадалық өндірушілердің жабдықтарын экспорттауды қаржыландыру мақсатында, Канаданың Export Development Canada (EDC) экспорттық-кредиттік агенттігімен сомасы $13 млн. кредиттік желі туралы Келісімге қол қойды.
  • Банк өзінің Процессингілік орталығын енгізуді жүзеге асырды.
  • Банк сомасы 16 млн. АҚШ доллары болатын  синдикатталған қарызды өтеуді ойдағыдай жүзеге асырды.
  • Банк «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында есеп айырысу ұйымы ретінде таңдалды.
  • Жылжымайтын нарықтағы мәселелерді шешу және тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтауды уақытында қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында, Банк пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың арасында «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен екінші деңгейлі банктердің арасында жылжымайтын нарықтағы мәселелерді шешу бойынша өзара әрекеттестік туралы  Келісім жасалды.
  •  Банк сомасы 66 674 мың. АҚШ доллары болатын еврооблигацияны, Банктің борыштық жүктемесін өтеу уақытын оңтайлы бөлу мақсатында, қайта сатып алу мен жарамсыз деп тануды жүзеге асырды.

2008 жыл

  • Банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ақша қаражатын бөлу бойынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (ШОКД) бағдарламасына қатысты.
  •  «Цеснабанк» АҚ пен «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорация» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  • Банктің жарғылық капиталы 2 млрд. теңгеге көбейді.
  • Банк сомасы 16 млн. АҚШ доллары болатын  синдикатталған қарызды өтеуді ойдағыдай жүзеге асырды.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі белсенді қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Банкке «Жыл меценаты – 2008» сыйлығын берді.
  • Банк ҚР Үкіметімен, «Қазына» АҚ-пен және «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ-пен серіктестік туралы келісімге қол қойды, оның негізінде «Қазына» АҚ Астана қаласындағы құрылыс нысандарын қолдау үшін мерзімді банк салымын орналастырды.

2007 жыл

  •  «Цеснабанктен машиналар шеруі» атты бірегей акция басталды, Банк салымшылары арасындағы ұтыс ойынында 45 автомобиль және өзге де көптеген сыйлықтар қарастырылды.
  • Банк 125 млн. АҚШ долларына еврооблигация шығарылымын 9, 875% купонмен қоса және 2010ж. өтелетіндей етіп жүзеге асырды.  Мәміленің жетекші менеджерлері Citigroup пен Dresdner Kleinwort болды.
  •  «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында жарғылық капиталды 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге көбейту туралы шешім қабылданды.
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі төрағасының 07.02.2007ж. №53 бұйрығына сәйкес, «Цеснабанк» акционерлік қоғамына бағалы қағаздар нарығындағы кастодиальды қызметті жүзеге асыруға 07.02.2007ж. № 0007100290 лицензия ресімделді.
  • Цеснабанк акционерлері директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері емес екі тәуелсіз директорды: Джеффри Брэмптон Манди (Jeffrey Brampton Mundy) мен Яцек Бжезинскиді (Jacek Brzezinski) сайлады.
  • Банк жаңа қызмет көрсетуді — мобильді банкингті, ұялы телефондардағы SMS-хабарламалар көмегімен карточкалық шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесін енгізді. 
  • Беделді Euromoney халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы менеджменті үздік банктердің бірі деп таныды  — «Best Managed Companies 2007» номинациясы.
  • Банк ЮНИСТРИМ халықаралық ақша аудару жүйесімен серіктестік келісімге қол қойды.
  • Банк Қазақстанда бір ай ішінде 3 филиалды – Тараз қаласында, Қызылорда қаласында және екінші филиалды  Алматы қаласында ашты.
  • Банк клиенттеріне төлем карталарын кредиттік лимитпен бірге беретін «Present» жаңа бағдарламасын енгізді.
  • Банк сомасы 54 млн. АҚШ доллары болатын  синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Мәміленің жетекші ұйымдастырушылары мен букраннерлері Commerzbank AG және Standard Bank Plc болды. Citibank N.A., Dresdner Kleinwort және «Банк ВТБ» ААҚ та жетекші ұйымдастырушылар мәртебесін алды.
  • Банктің «Действуй практично – пользуйся Visa» акциясына қатысуы.
  • Банкоматтарға төлем карталарын пайдаланып төлеу үшін жаңа қызмет көрсету енгізілді:
    1) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың банк шоттарын толықтыру;
    2) «Қазақтелеком» АҚ қызметіне төлеу.
  • Банктің клиенттері мен қызметкерлері үшін төлем карталарын пайдаланып жаңа жаңартпалы кредит беру бағдарламасы енгізілді.
  • Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-тың рейтингтерін растады: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қысқа мерзімді «Not Prime» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі (РФУБ) «Е+» деңгейінде. Банктің барлық рейтингілерінің «Тұрақты» деген болжамы бар.
  • Банк жеке тұлғалардың кейбір мерзімді депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады.
  • Банктің тұрақты салымшыларын көтермелеу үшін жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша «Сенімділігі үшін үстеме» акциясы енгізілді.
  • «Prepaid» алдын ала төленген карталары шығарылымы бойынша пилоттық жобалар енгізілді.
  • Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка кентінде Алматы облыстық филиалы ашылды.

2006 жыл

  • Банк сомасы 15 млрд. теңге болатын бірінші облигациялық бағдарламаны тіркеді, оның шеңберінде 4 облигация шығарылымы жүзеге асырылды.
  • Банк сомасы 22 млн. АҚШ доллары болатын  дебюттік синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Қарызды ұйымдастырушылар Raiffeisen Zentralbank Österreich AG (Австрия) және Bankgesellschaft Berlin AG (Германия) болды.
  • «Цеснабанк» АҚ пен Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цеснабанк АҚ қызметінің ашықтығын көтеру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы» екі жақты меморандумға қол қойды.
  • Банктің Call Center Ақпараттық-анықтамалық қызметі құрылды, оған Қазақстанның кез келген нүктесінен 8 800 080 25 25 телефоны арқылы хабарласуға болады.
  • Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа мынадай рейтингтер берді: эмитент дефолты рейтингі -  «B-", «Тұрақты» болжамы, қысқа мерзімді рейтинг  — «B».
  • Банк клиенттермен неғұрлым тығыз байланыс орнату және қажеттіліктерді анықтау және оларды банк өнімдерін жеке сату арқылы қанағаттандыру үшін Менеджерлік қатынастар институтын құрды.
  •  Заңды тұлғалар үшін Банктің жаңа және бұрыннан бар клиенттері үшін жеңілдік талабымен шот ашуға және «Банк-Клиент» жүйесін орнатуды жүргізуге мүмкіндік беретін «Жаңа жылда Цеснабанкпен бірге» акциясы өткізілді.
  •  «VISA International» төлем жүйесінің маркетингтік бағдарламасы қорытындысы бойынша Цеснабанк «VISA акциясының үздік жарнамалық көрсетілімі» наградасын алды.
  • Банк сомасы 50 миллион АҚШ доллары болатын  синдикатталған қарыз  алуды жүзеге асырды. Landesbank Berlin AG, Raiffeisen Zentralbank Oesterreich AG букраннерлер ретінде.
  • Банк Қазақстанда тұрған Western Union үздік қызмет  көрсету пункті рейтингінде бірінші орынды алды.
  • Цеснабанк барлық салымшыларының арасында «Цеснабанк» АҚ-тың 15 жылдығына орайластырылған «Астанадан пәтер ұтып ал!» атты теңдесі жоқ акция өткізді.
  • Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды.

2005 жыл

  • Өскемен, Петропавл, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды.
  • Visa халықаралық төлем карточкасы шығарылымы.
  • Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа «В-С» деңгейінде контрагенттің кредиттік рейтингін және  депозиттік сертификаттар рейтингін берді. Болжам — «Тұрақты».
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цесна» корпорациясы» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ Банк холдингі мәртебесін алуына келісімін берді.

2004 жыл

  • Астана қаласында Астаналық филиал жұмысын бастады, Көкшетау қаласында КЕБ және Қарағанды қаласында филиал ашылды.
  • Банк VISA халықаралық төлем жүйесіне ассоциацияланған мүше және Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына мүше ретінде қабылданды.
  • Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-қа мынадай рейтингтер берді: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі «Е+» деңгейінде. Болжам — «Тұрақты».

2003 жыл

  • Ауыл шаруашылық министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруға қатысушы банктердің арасында үздік деп танылды.
  • Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңесінің шешімімен банк акциялары КАSЕ-нің «А» санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді.
  • Банкті Еуропалық қайта құру және даму банкі ең сапалы кредиттік қоржыны бар банк ретінде атады.
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында банк банктік ақпараттық технологияны автоматтандыруға қатысты Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өткен деп танылды.

2001 жыл

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында «Цеснабанк» « Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған деп танылды.

2000 жыл

  • «Цеснабанк» АҚ Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына мүше болды.

1998-2001 жылдары

  • Банк Rabobank (Нидерланды) банкімен бірге «Твиннинг» институциональды даму бағдарламасына қатысты.

1998 жыл

  • Азия даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған  кредиттік желілері ашылды және Дүниежүзілік банкпен Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жөнінде келісімге қол қойылды.

1997 жыл

  • Степногорск және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды.

1996 жыл

  • Орталық Азия — Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды.

1993 жыл

Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдар ашылды.